22 Сәу 2023
Страницы ГККП "Ясли-сад "Балдырған" ГУ "Отдел образования Иргизского района Управления образования Актюбинской области"

Біздің тарихымыз

Күншуак  журналына

Ақтөбе  облысының  Ырғыз  ауданындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2006 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру  мекемесі   ретінде   жұмыс  істейді.

Мекеменің  жобалық   қуаттылығы: 140 орын

Мекемеде: 6 топ,  музыка залы, денешынықтыру залы, сенсорика бөлмесі, олар ҰОҚ-де жеке және топтық ойындарда балалардың сұраныстарын қанағаттандыра алады. Сонымен қатар, меңгеруші кабинеті, әдістемелік кабинеті,психолог кабинеті, медбике кабинеті,   ас әзірлеу блогы, кір жуу бөлмесі, төсек сақтау бөлмесі бар.

Бүгінгі өсіп келе жатқан сәбилер ертеңіміздің жалғасы. Әрбір баланың қоғамдағы өз орнын табуына, өзіндік ой пікірі қалыптасқан, кез келген уақытта мәселенің шешімін таба алатын салауатты да, сауатты жеке тұлға болып қалыптасуына бөбекжай-бақша ұжымы өз үлесін қосуда.

Барлық  педагогтар  біліктілікті  арттыру  курсынан  өткен.

Жылдық міндеттемелерді орындауда 20 педагог жұмыс атқаруда. Олардың  барлығы  да  мектепке дейінгі  мекеме  мамандары.  Олардың ішінде 17 педагог жоғары білімді, 3 педагог арнаулы орта білімді. Педагог зерттеуші – 6, педагог-сарапшы – 8, педагог-модератор – 2.  І санатты – 1 педагог, ІІ санатты – 2 педагог  бар.  Бөбекжай-бақшада  25  кіші  қызметкерлер  бар.

 Бөбекжай-бақшада  педагогикалық кеңестер, ашық оқу қызметтері, ата-аналармен  жұмыс  жақсы  жүргізіліп келеді. Педагогтар   жаңа  технологияны  басшылыққа  алып, жаңашылдықпен  жұмыс жасайды, өз  тәжірибелерін  ортаға  салып, талқылап  отырады. Апта  сайын дүйсенбі күні лездеме өткізу жолға  қойылған. Әр түрлі  мәселелер қойылып, апталық    жұмыс  қорытындыланып  отырады. 

Педагогтар тәжірибе  алмасу  бағытында   бір-бірінің  оқу  қызметтеріне, өткізілген  шараларға  қатысып,  пікірлер   алмастырып  отырады. 

Бөбекжай-бақшада  «Бала және  театр»  жобасы  аясында   барлық топтарда  театр ширмалары, бұрыштары  жасақталды. Топ бұрыштары  театрдың барлық түріне қажетті көрнекіліктермен  толықтырылып  отыр. Балаларға  күннің  екінші  жартысында   театрмен  жұмыс жасау   дағдыға  айналған.

Педагогтар  облыстық, республикалық  дәрежедегі  марапаттарға  ие  болды.

Педагогтарымыз  онлайн  форматтағы  курстарға, семинарларға,  педагогикалық   олимпиадаға  қатысып  отырады. 

Бөбекжай-бақшада  «Туған жерге  тағзым»  жобасы  аясында  бірқатар  шаралар атқарылды.  Жоспарға  сәйкес алдағы  уақытта  да  жұмыс  жасай  береміз  деп  сенім  білдіремін.

 

1.Ырғыз  аудандық  білім бөлімінің  «Балдырған»  балабақшасы  мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны. (2007 жыл)

Тұрған жері: 030400  Қазақстан  Республикасы, Ақтөбе  облысы,   Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбілқайырхан көшесі: №36

2. «Ырғыз аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (2011 жыл)

4. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының МКҚК «Балдырған» (2017жыл) 

Тұрған жері: 030400  Қазақстан  Республикасы, Ақтөбе  облысы,   Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбілқайырхан көшесі: №36

3. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының «Ырғыз аудандық округі әкімінің аппараты» ММ «Балдырған» бөбекжай-бақшасы МКҚК – 2018 ж.

Тұрған жері: 030400  Қазақстан  Республикасы, Ақтөбе  облысы,   Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Әбілқайырхан көшесі: №36

4.«Ақтөбе облысының Білім   басқармасы  Ырғыз   аудандық   білім   бөлімі    мемлекеттік   мекемесі  «Балдырған» бөбекжай-бақшасы  МКҚК – 2021ж 

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар