22 Сәу 2023
Страницы ГККП "Ясли-сад "Балдырған" ГУ "Отдел образования Иргизского района Управления образования Актюбинской области"

Меңгеруші блогы

Өмірбаян

Мен  Шүленбаева  Алмагүл  Рашидқызы  1970  жылы  13 наурызда  Ақтөбе облысы, Ырғыз  ауданында  дүниеге  келген. Аудан  орталығындағы  Ы.Алтынсарин атындағы  орта  мектебін  тәмамдап, 1985 ылы Қызылорда  педагогикалық  училищесінің  «Балалар бақшасының  тәрбиешісі» мамандығы  бойынша, 1989  жылы  бітіріп,  шықтым. Одан соң  1991  жылы  «Аққайың» балабақшасының  тәрбиешісі  қызметіне  жұмысқа  орналастым. 1995 жылы  «Ұландар» үйінің  директоры қызметіне  ауыстым. 1999  жылы  Ақтөбе  қаласындағы  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің  «Педагогика  және  бастауыш мектепте  оқыту  әдістемесі» мамадығы  бойынша  оқуға  түсіп, оны  2003 жылы  бітіріп шықтым.

2010 жылы  аудан орталығындағы  «Балапан»  бағдарламасы  аясында  бой  көтерген  «Балапан»  балабақшасына  меңгерушісі болып 6 жылдан астам  қызмет  жасадым. 2016 жылдың  қазан айынан  бастап, аудан орталығындағы  «Балдырған» бөбекжайы  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорнында  меңгеруші  болып  қызметімді  жалғастырудамын. Қазіргі  таңда  жоғарғы  санатты  маманмын, 29 жыл еңбек  өтілім  бар. Отбасылымын, екі  бала  тәрбиелеп отырған  анамын.

«Балдырған» бөбекжайы 140 бала  қабылдауға  мүмкіншілігі  бар. Барлық  жағдайлар  толық  жасалған. Бөбекжай  аудандағы  жетістігі  мол өзгеге  үлгі  бөбекжайлар  қатарында. Бөбекжайда  21  педагог  кадр, 36  кіші  қызметкерлер    жұмыс  жасайды. Бала  тәрбиесінде   барлығы  да  білікті  мамандар. Ата-аналармен тығыз байланыста  болып, балалар  жетістігін  шыңдауда  көп еңбектер  жасауда.

2014 жылы  Ақтөбе  облыстық  білім басқармасынан  жас ұрпақтың оқу-тәрбие  үрдісін дамытудағы  қосқан елеулі үлесім үшін алғыс хатпен марапатталдым. Осы жылы Облыстық «Үздік педагогикалық  жаңалық» байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін сертификат, 2015 жылы  Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының  ұйымдастырған  «Бүлдіршіндерді  балалар  көркем әдебиет  әлеміне  баулу» тақырыбындағы  облыстық эссе байқауына  қатысып  сертификат алдым. Балаларымыздың  аудандық, облыстық, республикалық  жетістіктері  көптеп  саналады. 2017 жылы аудандық «Бақытты балалалық шақ» би  байқауында бүлдіршіндеріміз  жүлделі   бас  жүлдені  жеңіп алып, облыстық  деңгейдегі   би байқауына  қатысып  жүлделі ІІІ орын  иеленді. Биылғы  жетістіктеріміз де  бөбекжайымыз үшін үлкен абырой болды. Ақтөбе қаласында  өткен «Сахна  дарындары-2018» І облыстық  театрлық  ұжымдар байқауына қатысқан бүлдіршіндеріміз жүлделі ІІ  орынды  алып қайтты. Осы жылы    «Платон» Халықаралық білім дамыту  орталығының   ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық «Үкілім-ай»  атты  ән-күй, би, көркем сөз оқу  байқауында  көркемсөз жанры бойынша  Жантілеу Ақжүрек жүлделі  І  дәрежелі, ән жанры  бойынша  Бимұрат Жанатбек  І дәрежелі  дипломдармен  марапатталды.  Би жанры  бойынша сюжеттік  «Кірпілер биін» сомдаған «Жауқазын» бишілер тобы  бас  жүлдені  қанжығаға байлады.

Бөбекжайымыздың  алға  қарай  кадам  басуына  алдағы  уақытта  да  бар  күш-жігерімді  саламын.

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар