24 Сәу 2023
Жаңалықтар Балдырған

«Бөбекжайда ойната отырып оқыту және тәрбиелеу»

Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы

«Балдырған» бөбекжай-бақшасы

Әдіскер Аманжол Дауренгул

Бөбекжай  семинарының тақырыбы:  «Бөбекжайда ойната отырып оқыту және тәрбиелеу»

Жүргізуші:

Мақта қыз аула сыпырып жүреді. Әдемі әуен.

Мақта қыз:Ауланы кеше ғана сыпырып едім, бүгін қайтадан бүлініп қалыпты.Көп достарым болса,балабақшаға барсам. Аула неге күнде шашыла береді екен ?

-Ой, мында әдемі алма жатыр гой. Бұл жерге қайдан тап болған? Сондай әдемі, дәмі де тәтті шығар. Жеп алайын. Ох, менің мысығым бар екен ғой, шақырайын бөлісіп жейік.

-Мысығым, мысығым бері келші. Аууу, мысығым қайдасың? Ол тағы әдетінше бір жерде  пырылдап ұйықтап жатқан шығар. Ендеше, өзім жеп алайын. Осы сәтте алмаға тіл бітеді.

Алма: Өтінемін, мені жей көрмеші.

Мақта қыз: Бұл кім сөйлеп тұрған?

Алма: Бұл мен алмамын, жәй алма емеспін сиқырлы алмамын.

Мақта қыз: Бұл жерге қайдан тап болдың?

Алма: Біздің әдемі алма бағымыз бар, онда өзім сияқты алма достарым көп. Өтініш мені жемей, сол достарыма апарып қосшы. Рас айтамын, мен сиқырлы алмамын. Сенің кез келген тілектеріңді орындаймын.

Мақта қыз: Рас айтамысың, онда менің көптен армандап жүрген тілегім бар. Ең бірінші мен балабақшаға барғым келеді,ол жақтағы балабақша өмірімен танысқым келеді,көптеген балаларды көргім келеді,олармен ойнағым келеді.Мен үйден мүлдем шықпаймын .Ал, ол сенің қолыңнан келе ме?

Алма: Әрине, мен саған жол көрсетіп отырамын, сен мені бағыма алып бар. Барар жолда барлық армандарыңды орындайтын боламын.Маған жалғыз баруға болмайды.Қасымда ешкім болмаса,сиқырлы күшімнен айлыламын.

Мақта қыз:Алақай! Я, әрине барамын. Бірақ алма сен қалайша жол көрсетіп отырасың, көзің жоқ, аяғың жоқ. Ойланып тұрғаным.

Алма:Оның еш қиындығы жоқ,үш рет айналып, домалатып жіберсең болды мен адам кейіпіне айналамын.

Мақта қыз:Жарайды орындаймын. 1,2,3 сиқырлы алма домалай ғой. Сиқырлы әуен.

Мақта қыз:Сен қандай әдемісің,жүр ендеше кеттік.

Мысық: Мияу, мені неге шақырдың?

Мақта қыз:Ұйықтай бермей маған көмектес. Ауланы сыпырып,  жина. Мен қазір келемін. Мен келгенше жұмыстың барлығын бітіріп қой.

Мысық: Жарайды, жақсы. Мақта қыз келгенше ұйқымды жалғастырып алайын.

Мақта қыз бен алма ұзақ жол жүреді. Алдарынан үлкен балабақша кездеседі.

Мақта қыз:Алма, сиқырлы күшіңді сынайтын кез келді.Мен мына балабақшаның ішіне кіріп,аралағым келіп тұр.

Алма: Айтқаның болсын!Бұл үлкен «Балдырған»бөбекжай бақшасы.Бұл балабақшадағы балалардың барлығы өте өнерлі бүлдіршіндер.Алыстан әдемі әуенді естіп тұрмысың?Жүре ғой барып көзімізбен көрейік.

Ән  Жиенбай Еркеназ

Би «Жауқазын»тобының кішкентай бишілері.

Алма:Мақта қыз көрдің бе,қандай өнерлі бүлдіршіндер.

Мақта қыз: Алақай,менің де осы балабақшаға келгім келеді.Көп  балаларға барайықшы,ойнағым келіп тұр.

Алма:Мақта қыз ,анау жерде ойнап жатқан бір топ балаларды көріп тұрмысың жүр сонда барайық,мүмкін өздерін таныстырар.

«Ақмаржан»тобы.

Алма мен Мақта қыз Сәлеметсіздер ме? Мен алмамын, ал менің қасымдағы мақта қыз.Біз осы әдемі балабақша туралы толық мағлұмат білгіміз келеді,бізге өте қызықты. Сіздер кім боласыздар?

Мусина Мөлдір. Циркке саяахат

Мақта қыз:Қандай керемет,мен циркті көріп тұрмын.Алма ,жүр тездетіп барайықшы.

Мнемо техника

Мақта қыз:Алма,циркке саяахатымыз көңілді болды .Аздап шаршап тұрғаным.Сәл демалып алайық.

Алма мына жақта ерекше жұмыс жүріп жатыр екен,барып танысайық.

«Таңшолпан»тобы

Мақта қыз:.Бұл балабақшада көлік те бар екен,мініп араласақ қалай болар екен.Рұқсат сұрап көрейік.

Тренинг

Шынар Бұл жерде неғып отырсыздар?

Алма Сәлеметсіз бе?Мен алмамын, ал менің қасымдағы мақта қыз.Біз осы әдемі балабақша туралы толық мағлұмат білгіміз келеді,бізге өте қызықты.Аздап демалып отыр едік.Сіз кім боласыз? (психолог жұмысы)

«Жауқазын» тобы

Алма Мақта қыз саған балабақша ұнап жатыр ма?

Мақта қыз Әрине,керемет. Осы жерде қалғым келіп тұр.Әне тағы да үлкендеу балаларды көріп тұрмын.Сонда барайықшы.

Алма Мақта қыз ,әбден ойнадық,саяахаттқа да шықтық.Мына алаң тыныш секілді ,сол жерге барып өзгеше,ерекше тәжірибелерді көрейік.

Тәжірибе алаңы.Клара.

Клара  алма мақта қыз біздің балабақша ұнады ма сендерге?Мақта қыз біздің балабақшаға кел,көптеген достарың болады.Біз сені  күтеміз.

Мақта қыз  мені балабақшаға кім қабылдайды?

Клара осылай тура  жүре берсең біздің балабақшаның меңгерушісі Алмагүл  Рашидқызына кездесесің.Сол кісіден сұрап көр.

Мақта қыз  Сәлеметсіз бе?Алмагүл Рашидқызы.Менің жасым төртте мен сіздердің балабақшаларыңызға келгім келеді.Маған сондай ұнады,керемет екен.

Мақта қыз Алақай.Менің  арманым орындалды.Рахмет саған сиқырлы алма барлығы сенің арқаң.Үәдеңде тұрып ,тілегімді орындадың .Ал,енді сені бағыңа жіберейін.Бағыңа да келіп жеттік.Жолың болсын.Сау бол.Ал,мен үйге барып мысығымды қуантайын.

Бағдарламасы

қ\с

   Тақырыбы

       Тобы

Уақыты

  Тәрбиеші

1

Ойын тақырыбы:

«Түрлі-түсті әлем»

«Ақмаржан» кіші тобы

09.45 – 10.00

Тәрбиеші:Сарина.

Ә.ЖАхметова.С.Е

2

Ойын тақырыбы:  “Циркке саяхат”

«Жауқазын» ересек тобы

10.00 – 10.15

Тәрбиеші:Мусина.М

3

Бала тілін дамыту

«Мнемо» техника

Педагогтар

10.15 – 10.30

Тәрбиеші Нұраханова Б

4

Ойын тақырыбы:  «Мамандықтар еліне саяхат»

«Таңшолпан» ортаңғы тобы

10.35 – 10.45

Тәрбиеші:

Өтегенова.К.Ө

Байжанова Қ.Қ

5

Тренинг

 

Педагогтар

10.50 – 11.05

Психолог:

 Шарипова Ш

6

Ойын тақырыбы: «Көңілді пішіндер»

«Жауқазын» ересек тобы

11.10 – 11.25

Мұқабылова.Ж.Ж

Тасекенова.Г.С

7

«Тәжірибе алаңы»

Педагогтар

11.30– 10.45

Тәрбиші:

Булекбаева Клара Конарбаевана

8

Рефлексия

 

11.50-12.00

Әдіскер: Аманжол Д

9

Фуршет

 

12.00

 

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар