«Балалар және театр» ағартушылық жобасы
«Балдырған» бөбекжай – бақшасы 2022 жылға арналған «Балалар және театр» ағартушылық жобасы аясында іс – шаралар жоспары құрылды.
«Кішкентай жұлдыздар» театрының әртістері дайындаған «Күнді іздеген достар», «Театр отбасында», «Қонжықтың туған күні», «Театр әлеміне саяхат атты театрлық қойылымдар жоғары деңгейде ұйымдастырылып , бөбекжайдың барша бүлдіршіндеріне тарту етті.