«Балдырған» бөбекжай-бақшасында 16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай барлық топтарда ұйымдастырылған ашық оқу қызметі, ертеңгіліктер, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Педагогтар өз сабағында алаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету мақсатында балалар белсенді, нақты сөз тіркестерімен, сөйлемдермен жауап беріп, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Шара барысында инновациялық технологияларды пайдаланумен қатар, әр алуан ойындар ойнатылды. Ертеңгіліктер өте тартымды, қызықты өтті.
24 Сәу 2023
Жаңалықтар Балдырған